
Жұмыс сапары барысында делегация "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды.
"Ақтөбе "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Т. Т. Тілешов қонақтарды Корпорация жұмысымен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша "Ақтөбе "ӘКК" АҚ мен International Trade Company арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
"Ақтөбе" ӘКК " АҚ сапарынан кейін Италиядан келген делегаттар әкімдікке қала әкімі А.Б. Шахаровтың ресми қабылдауына барды. Кездесуді ашқан қала басшысы қонақтарды қаланың әлеуетімен таныстырды. Өз кезегінде делегация басшысы Никола Крепальди қала басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді итальяндық компаниялардың мүмкіндіктерімен таныстырды.
25 қарашада "Көктөбе" қонақ үйінің мәжіліс залында Италиядан келген делегаттар жергілікті тауар өндірушілермен, құрылыс компанияларының басшыларымен, fashion индустрия өкілдерімен кездесті. Жиналыс инвестициялық ынтымақтастық пен сауда мәселелерінің кең спектріне, сондай-ақ қазақ-итальян экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға арналды. Ресми бөлімнен кейін делегаттар барлық мүдделі кәсіпкерлермен В2В кездесулер өткізді. Іскерлік сапардың соңында итальяндық бизнес-миссияның өкілдері "Ақтөбе" индустриялық аймағына барып, "Зерде Керамика" қыш өнімдерін өндіру зауытында және "FIBC" биг-бэгтер өндіру кәсіпорнында болды.
Қонақтар өңірдің маңызды кадрлық әлеуеті, дамыған инфрақұрылым, инвестициялық алаңдар және Ақтөбе облысының бірқатар басқа да артықшылықтары бірлескен бизнес-бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыратынын атап өтті.