
29 желтоқсан, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірді газдандыруға қатысты қызметтік жиын өткізді.
Атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімінің орынбасарлары Сәлімгерей Бекбергенов пен Ермек Кенжеханұлы, облыс әкімдігінің бейінді басқармаларының басшылары баяндады.
Қазіргі таңда облыс халқының 92,5%-ы газбен қамтылған. Біздің өңір газдандыру деңгейі жағынан республика бойынша бесінші орында. Биылғы жылдың басынан бері 8 мыңнан астам халқы бар 15 елді мекенге газ кірді.
Сәлімгерей Бекбергенов жарын Талдысай, Құтикөл, Әлімбет, Ащылысай, Жаңаталап, Жарсай, Терісаққан, Жаңатаң, Қаракөл ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын қол жетімді болатынын жеткізді.
Өңірімізде әлеуметтік және өндірістік нысандардың дамуына және көптеп салынуына байланысты қазіргі таңда электр қуаты мен көгілдір отынға деген жетіспеушілік туындауда. Осыған орай, облыс әкімі 2030 жылға дейін газға және электр қуатына қосымша қажеттілік көздерін іздеу бойынша жол картасын жасауды тапсырды.