LogoLogo

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 270 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

30.12.2021
Новость

Бұл туралы Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Ақтөбе обысының биылғы жылдың тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы кезеңге жоспарлары туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Өңірлер арасында алғашқы бестіктеміз. Нақтылап айтсақ төртінші орынды иемденіп отырмыз. Инвестиция тарту өңіріміздің дамуына қосымша серпін береді. Осыған байланысты облыста қолайлы инвестициялық климат құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ал, жыл соңына дейін 800 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлаудамыз. Оның алғышарттары жасалды»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Инвестициялық жобалардың ішіндегі ірілері – «Актобе ТЭЦ» АҚ-ның жылу-электр орталығын жаңғырту жобасы, құны 20 млрд. теңге; «West Smart Trading» ЖШС-нің құны 13,8 млрд. теңге болатын мәліметтерді өңдеу орталығы, «Gas Processing Company» ЖШС-нің құны 5,4 млрд. ​ теңге болатын газды кешенді дайындайтын қондырғыны қалпына келтіру жұмыстары. Шағын және орта бизнес саласының дамуында да оң динамика байқалады.

«Президент өз Жолдауында пандемия кезінде бизнесті қолдау шаралары өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтіп, осы бағдарламаларды одан әрі де жалғастыруды тапсырды. Жалпы Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын орта бизнес жобалары қолдау тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп»,- дейді О.Оразалин. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің 3,3 мыңдай субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Көзі