
24 желтоқсан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Yildirim Holding A.Ş компаниясының Ресей мен ТМД елдері бойынша вице-президенті Ахмет Оқтаймен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарлары Ермек Кенжеханұлы мен Сәлімгерей Бекбергенов, Yildirim Holding A.Ş компаниясының вице-президентінің орынбасары Шыңғыс Шынтемір және т.б. қатысты.
Тараптар Yildirim Group холдингінің компаниялар тобына кіретін «Восход-Ориел» ЖШС және «Восход-Хром» ЖШС сынды ақтөбелік өндіріс мекемелерінің 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелерін талқылады.