LogoLogo

Облыс әкімі "Еуразиялық Топ" ЖШС басқарма төрағасы С. Шахажановпен кездесті

30.12.2021
Новость

24 желтоқсан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Еуразиялық топ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Серік Шахажановпен және «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжоловпен кездесті.

Кездесу барысында Дөң кен байыту комбинаты мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 2021 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындысы талқыланды. Аталмыш өндірістер қазіргі таңда 12 мыңдай адамды жұмыспен қамтып отыр.

Облыс әкімі «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жоғары әлеуметтік жауапкершілігін атап өтті. Мәселен, биыл, Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG компаниясы — «Қазхроммен» арадағы меморандумның аясында Ақтөбенің тарихи ауданы — Тұрғындар қалашығындағы 32 үйдің қасбеті мен шатыры жаңартылды. Мұндай қалпына келтіру жұмыстары 70 жылдан астам уақыт бойы жасалмаған.

Кездесу соңында тараптар екіжақты әріптестіктің әрі қарай жемісті өрбитініне сенімділік білдірді.