
Дүйсенбі, 22 қараша күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен қызметтік жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Тілеужан Тлешов қатысты.
Жиын барысында «Ақтөбе» индустриалды аймағының қазіргі қызметі мен әрі қарай дамуы талқыланды. Қазіргі таңда Индустриалды аймақта 12 кәсіпорын пайдалануға беріліп, 655 тұрақты жұмыс орны құрылды. 2018 жылдан бері Индустриалды аймақтың кәсіпорындары бюджетті жалпы сомасы 1,7 млрд теңге салықпен толықтырды.