LogoLogo

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Kazakhstan Global Investment Roundtable 2021 (KGIR 2021) инвестициялық форумы өтті.

30.12.2021
Новость

2017 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін бұл іс-шара өзін мемлекет пен Халықаралық бизнес-қоғамдастық арасындағы тиімді диалог алаңы ретінде танытты.

Форум қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі мен «AqtobeCem» ЖШС арасында («қуаттылығы жылына 1,2 млн.тонна цемент зауытын салу», инвестиция сомасы - 165,0 млн. АҚШ долл.) және «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС – мен («керамикалық плиткалар және керамогранит шығару бойынша зауыт құрылысы», инвестиция сомасы - 46 млн.АҚШ долл.) инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Сондай-ақ, Үндістан, Түркия, Швейцария және басқа да елдердің әлеуетті инвесторларымен В2В кездесулер өткіздім