Жалпы шолу
Жалпы шолу
Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі әкімшілік бірлігі Ақтөбе облысы Шығыстағы Үлкенкейік аңғарынан батыстағы Қиылға дейін созылып жатыр. Ұзындығы шығыстан батысқа қарай 800 км және солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км, жалпы ауданы шамамен 300 мың шаршы шақырым.

Тарихи жағынан Ақтөбе облысы Еуропа мен Азия тоғысында арналасқан мәдениеттердің шекаралық аймағы есебінде көпұлттық, мәдениеттердің байланыстылығы мен конфессияаралық байланыстар сияқты өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасып дамыды. Аймақ ерекшеліктерінің бірі, оның территориясы арқылы ежелгі заманнан бастап тарих қозғалысының иірімінде ұйыған, жерсінген және араласқан тайпалар мен рулар негізінде мәдениеттер мен этносаралық байланыстарды анықтаған маңызды миграциялық бағыттардың күретамыры (сауда, керуен жолы, жаулап алу бағыттары, қоныс аудару бағыттары және т.б.) өтті.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс

Ақтөбе облысы қазіргі шекарасында 1932 жылғы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 құрайды (Қазақстан Республикасы аумағының 11% - ы, көлемі бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші өңір). Өңір Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:
- Батыста-Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарымен;
- шығыста-Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен;
- солтүстігінде-Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
- оңтүстігінде-Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиясымен шектеседі.
- Облыс орталығы-Ақтөбе қаласы, Нұр-сұлтан қаласына дейінгі қашықтық-1 678 км.
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 1 облыстық маңызы бар қала, 7 аудандық бағыныстағы қала, 12 аудан, 372 ауылдық елді мекен.
Халқы – 902,6 мың адам, оның ішінде қалалық-648,7 мың адам (71,9%). Облыс құрамына 12 аудан, 1 облыстық маңызы бар қала және 7 аудандық маңызы бар қала (Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Шалқар, Хромтау) кіреді.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 83,3%, орыстар – 11,0%, украиндар - 2,4%, басқалар – 3,3%.

Ақтөбе облысына келу
- Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін виза қажет.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, виза алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген шақырудың болуы талап етіледі.Жеке істер бойынша келуге шақыру виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне дейін 1 жылдан ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
- Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
- Шақыруды қарау мерзімі электрондық түрде қызмет көрсету кезінде 3 жұмыс күнінен аспайды және қағаз түрінде өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды.
- Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін нысан бойынша кестені қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (ҚР СІМ) вербалды нотаны ұсынады.

Визасыз кіру режимі
Азаматтары Қазақстан аумағына визасыз кіруге құқығы бар елдер.
