
Қазақстанда жоғары сапалы және орташа пішінді прокатты сараланған термо-нығайтылған рельстерді шығаратын бірегей кәсіпорын. Әлемге әйгілі "Siemens-VAI" (Primetals Technologies Italy S. r.l.) прокат станы және итальяндық компания мамандарының прокат технологиясын бақылауы шығарылатын өнімнің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін жоғары сапасына, бәсекелестік қабілетіне кепілдік береді. Өндірісте металды сөндірудің бірегей технологиясы қолданылады, соның салдарынан тозуға төзімділік жоғарылайды.
"АРБЗ" ЖШС – нің жобалық қуаты 430 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна фасонды прокат, бұл мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыруға жеткілікті. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты әлемдегі үшінші (Австрия, Қытай) және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында ұзындығы 120 метрге дейін жоғары беріктігі бар жаңа буын рельстерін шығаратын жалғыз зауыт болып табылады.
"АРБЗ" ЖШС-ін 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына (екінші бесжылдық) сәйкес әзірленген, біздің республика үшін стратегиялық маңызы бар Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы шеңберінде салынған ең ірі инновациялық кәсіпорындардың бірі деп батыл айтуға болады.
Көптеген сарапшылар "АРБЗ" ЖШС шығаратын өнім бүгінгі таңда әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылатынын растады, бірақ кәсіпорын қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды және шығарылатын өнімнің сапасын одан әрі жақсартуға, сұрыпталымды кеңейтуге бағытталған және жыл соңына дейін өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеруге ниетті.